«Оң өзгеріс жоқ». Абдулманап Нурмагомедов әлі де ауыр халде жатыр
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызКомментатор және UFC ұйымының жеңіл салмақтағы чемпионы Хабиб Нурмагомедовтың әкесінің досы Рамазан Рабаданов Абдулманап Нурмагомедовтың денсаулығы өзгеріссіз екенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.
«Оң өзгеріс жоқ. Ол әлі де ауыр халде», - деді Рабаданов.
Еске сала кетелік, Хабибтің әкесі Мәскеудегі әскери госпитальде бір айдан астам уақыттан бері жатыр. Оның коронавирус жұқтырғанын бұдан бұрын хабарлағанбыз.