Басқа

ХОК мүшесі Токио Олимпиадасы 2021 өтеді немесе мүлде өтпейді

ХОК мүшесі Токио Олимпиадасы 2021 өтеді немесе мүлде өтпейді
news-banner7
mobile-news-top

Токиодағы жазғы Олимпиада ойындары 2021 жылы өтуге тиіс, егер олай болмаса, онда төртжылдықтың басты ойындарын өткізбейміз, деп мәлімдеді Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) мүшесі, 2024 жылғы Париж Олимпиадасын үйлестіру комитетінің басшысы Пьер-Оливье Беккерс. Бұл туралы Prosports.kz РИА Новостиге сілтеме жасай отырып хабарлайды.

«Қазір бәрі ойындардың 2021 жылы 23 шілдеде басталатынына сенімді. Біз олардың 2021 жылы болатынына немесе мүлде болмайтынына сенімдіміз. Зор шығындар мен мыңдаған адамдардың жұмылдырылуын ұзақ уақытқа созу мүмкін емес.

Сонымен қатар, үлкен турнирлерге орын табу үшін қалыпты спорт күнтізбесіне оралуымыз керек. Барлық спорт федерациялары Ойындардың ауысқанына бейімделуі керек. Мұндай жаһандық өзгерістер екінші рет болады деп елестете алмаймыз»,

- деді Беккерс.

Еске сала кетейік, ХОК және Токиодағы ойындарды ұйымдастыру комитеті наурыздың соңында коронавирус пандемиясы кесірінен Олимпиада ойындарын 2021 жылға ауыстыру туралы жариялаған болатын. Ойындар 2021 жылдың 23 шілдесі мен 8 тамызы аралығында өтуге тиіс.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер