Олжас Абраев: Маусымның қалған бөлігінің күнтізбесі 20 маусымнан кейін шығады
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызҚазақстан Кәсіпқой футбол лигасының басшысы Олжас Абраев ҚКФЛ мен клубтардың чемпионатты қайта бастауға дайындығы туралы Prosports.kz сайтына берген сұқбатында айтып берді.
- Олжас Шәкенұлы, «Қызылжар СК» баспасөз қызметі елдегі футбол маусымы 1 шілдеде жалғасады деген ақпарат таратты. Сонымен бірге петропавлдықтар бұл хабарға ресми мәртебе берді. Сіз бұған қандай-да бір түсінік бере аласыз ба?
- Біз чемпионатты қайта жандандыру мерзімін Мәдениет және спорт министрлігімен 1 шілде күні деп келістік. Біз бұл хатты клубтарға жібердік, сол жерден осындай ақпарат пайда болды.
- Павлодарлық «Ертіс» чемпионаттан шығарылуына байланысты матчтардың күнтізбесін өзгерту керек пе?
- Көп емес, бірақ керек. Енді УЕФА-дан халықаралық күнтізбені күтеміз, содан кейін біз Қазақстан чемпионаты турларының қорытынды кестесін жасаймыз. Ол атқарушы комитеттің бекітуіне жіберіледі, содан кейін біз оны жариялаймыз. Шамамен маусымның жиырмаларында бәрі белгілі болады.