Футзал

Кака: Мақсатымыз – Еуропаның үздік командасы атану

Кака: Мақсатымыз – Еуропаның үздік командасы атану
news-banner7
mobile-news-top

«Қайрат» футзал клубы бас бапкері Паулу Рикардо Какамен келісімшарт мерзімін ұзартты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Жаңа келісім 2023 жылға дейін жарамды. Кака Prosports.kz берген сұқбатында команданың алға қойған мақсатымен бөлісті.

– Қазақстан құрамасы және «Қайратпен» жұмысымды жалғастыраныма өте қуаныштымын. Келісімшартымды үш жылға создым. Бұл менің клуб тарапынан көрсетілген сенімге қайтарған жауабым.

Алда көп жұмыс күтіп тұр. Тек негізі команда емес, академиямен де көп жұмыс жасау қажет. Жеңімпаз жолын жалғастырып, «Қайраттың» арманына жетуге тырысамыз.

Біздің басты мақсат – УЕФА Чемпондар лигасында үшінші мәрте жеңіске жетіп, Еуропаның үздік командасы атағын қайтарып алу, - деді Кака.

Кака «Қайратты» 2018 жылдан бері жаттықтырып келеді. Осы уақыт аралығында «Қайрат» бразилиялық маманның жетекшілігімен Қазақстан чемпионатын, Қазақстан Кубогын, екі рет ел Суперкубогын жеңіп алды. Сонымен қатар, УЕФА Чемпиондар Лигасының 2018/2019 маусымының күміс жүлдесіне ие болды.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер