Басқа

Ақтоты Райымқұлова: Салауатты ұрпақты қалыптастыру үшін балаларға жағдай жасалып жатыр

Ақтоты Райымқұлова: Салауатты ұрпақты қалыптастыру үшін балаларға жағдай жасалып жатыр
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова халық алдында берген есебінде балалар мен жасөспірімдер спорты туралы айтып өтті.

– Еліміздің өңірлерінде 100 фитнес-орталықтың құрылысы келісілуде, олардың 13-і 2019 жылы пайдалануға беріліп, 48-і жыл соңына дейін аяқталады.

Жалпы, есепті кезеңде елімізде шамамен 1300 жаңа спорт нысандары салынды. Олардың ішінде астаналық көп функционалды «Жекпе-Жек» спорт кешені, Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров атындағы фитнес-орталық, Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова атындағы заманауи жеңіл атлетика аренасы бар.

Салауатты ұрпақты қалыптастыру үшін балалар мен жасөспірімдерге жағдай жасалғанын атап өткім келеді. 2019 жылы 11 жаңа жасөспірімдер спорт мектебі ашылды. Жалпы республикада 477 жасөспірімдер спорт мектептері бар, онда 350 мыңнан астам балалар мен жасөспірімдер оқиды. Сонымен қатар, осы спорт мектептеріндегі секциялар ақысыз өткізіледі. Осы бағытта біз өз жұмысымызды жалғастырамыз.

Спортпен жүйелі түрде айналысатындардың саны күн санап өсіп келе жатқаны табиғи нәрсе. Бүгінгі таңда бұл көрсеткіш 5,7 млн ​​адамға жетті, оның ішінде 544 мыңы - балалар мен жасөспірімдер, - деді министр.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер