Басқа

Карантин кезінде мәдениет және спорт қызметкерлерінің жалақысы сақталды - Райымқұлова

news-banner7
mobile-news-top

Карантин кезінде мәдениет және спорт қызметкерлерінің жалақысы толық сақталды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шынымен де пандемия кезеңінде мәдениет және спорт нысандары көп жоспарын өзгертуге мәжбүр болды. Жоспарланған шаралардың көпшілігі жаңа әрі тосын форматта өткізілді. Жалпы, біз мұны сын-тегеурін ретінде қабылдадық әрі қымбатты көрермендерімізбен жүздесудің қызықты формаларын таптық. Шаралардың біразы екінші жартыжылдыққа ауыстырылды. Іс жүзінде мемлекеттік мекемелер қандай да бір зиян шеккен емес. Өйткені, мәдениет, сонымен қатар спорт мемлекеттік мекемелерінде жұмыс істейтін барлық қызметкер жалақысын, мемлекеттік кепілдік беретін преференциясын сақтап қалды», - деді ол.

Министр пандемия кезінде өте көп қызықты жобалар әзірленгенін айтады.

«Бүгінгі күні олардың кейбірі жалғасады. Себебі олар шығармашылық ұйымдарының әлеуетін барынша аша түсуге септігін тигізеді. Аудиториямыз үшін жаңа форматтар шын мәнінде сүйікті дүниеге айналады деп үміттенеміз. Қазіргі уақытта театр, музей сынды мәдени нысандар жұмысын бастады. Олар штаттық режимдегі күнделікті жұмысына толық кірісті. Театр және опера қойылымдарының премьерасы жаңа концерттік-театр маусымының басында өтеді», - деді Ақтоты Райымқұлова.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер