Басқа

Олимпиаданың кейінге шегерілуінен Қазақстан бюджетіне 4 миллиард теңге қайтарылды

Олимпиаданың кейінге шегерілуінен Қазақстан бюджетіне 4 миллиард теңге қайтарылды
news-banner7
mobile-news-top

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Раимқұлова Токио Олимпиадасының кейінге шегерілуіне байланысты бюджетке қанша соманың қайтарылғанын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Қазақстандық спортшыларды Олимпиадаға дайындауға және жарыстарға қатысуға бағытталған шығындарды оңтайландыру жүргізілді.

«Олимпиаданы келесі, 2021 жылға ауыстыруға байланысты, осы жартыжылдықта 4,3 миллиард теңге үнемделді - бұл сома оңтайландырылып, мемлекеттік бюджетке қайтарылды», - деді Ақтоты Раимқұлова Орталық коммуникациялар қызметіндегі онлайн-режимде халықпен есеп беру кездесуі барысында.

Еске сала кетейік, Олимпиада ойындары 2021 жылдың 23 шілдесі мен 8 тамызы аралығында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер