Ауыр атлетика

Ильин қызылордалық ЖОО оқытушысы атанды

Ильин қызылордалық ЖОО оқытушысы атанды
news-banner7
mobile-news-top

Ауыр атлетикадан әлемнің төрт дүркін чемпионы Илья Ильин Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетіне оқытушы болып тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz Oinet сайтына сілтеме жасап.

Ильин жаңа қызметке келесі оқу жылынан бастап кіріседі. Айта кетейік, ауыр атлет бір кездері аталған университетте оқыған. Университет басшылығы Ильиннен кездесулерде дәріс оқуды өтінді және ол келіскен.

Еске сала кетелік, Ильин спорттық мансабын биыл аяқтады.

31 жастағы Ильин - бірнеше дүркін әлем чемпионы. Әйгілі ауыр атлет - төрт рет, 2005, 2006, 2011 және 2014 жылдары Әлем біріншіліктерінде топ жарған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер