Командалық

Қазақстан баскетбол федерациясы ФИБА-ның онлайн семинарына қатысады

Қазақстан баскетбол федерациясы ФИБА-ның онлайн семинарына қатысады
news-banner7
mobile-news-top

5 маусымда халықаралық баскетбол федерациясының (ФИБА) Азия аймағындағы ұлттық федерациялардың әлеуметтік желідегі үйлестірушілерімен онлайн-семинар өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Семинар барысында Қазақстан баскетбол федерациясы ұлттық құраманың "Steppen Wolves" жобасының құрылуы және дамуы туралы сөз қозғайды. Айта кетерлігі, үш жыл ішінде Қазақстан баскетбол федерациясының медиамен жұмысы ФИБА тарапынан Азия аймағындағы ең үздік болып танылып келе жатыр. Сонымен қатар, семинарға қатысушылар ФИБА-ның жарыс күнтізбесін талқылап, коронавирус пандемиясы кезінде әлеуметтік желіде атқарған жұмыстарымен бөлісіп, тәжірибе алмасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер