Әлем футболы

«Барселона» футбол клубында ойыншы сатып алатын ақша қалмады

«Барселона» футбол клубында ойыншы сатып алатын ақша қалмады
news-banner7
mobile-news-top

«Барселона» коронавирус пандемиясы кезінде туындаған қаржылық қиындықтарға байланысты жазғы трансферлік кезеңде ойыншы сатып алуға қаржы таппай отыр, деп жазады Prosports.kz.

Каталониялық клуб үшін бұл тығырықтан шығудың жалғыз жолы - команда үшін қажет емес ойыншыларды сату. Сонда ғана трансферге қажетті қаржыны топтауға болады.

Өткен жазда «Барселона» Френки Де Йонг, Антуан Гризманн, Хуниора Фирпо және Нето қатарлы ойыншыларды, ал қыста Мартин Брайтвейтті сатып алды.

Клуб басшылығы ақша үнемдеу мақсатында ойыншылардың жалақысын екінші рет қысқартуды ұсынды. Бірақ Лионель Месси бастаған бірқатар ойыншы бұл ұсынысқа қарсы шықты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер