Әлем футболы

Роналду алғашқы миллиардер футболшы атанды

Роналду алғашқы миллиардер футболшы атанды
news-banner7
mobile-news-top

Криштиану Роналду мансабында миллиард доллардан астам ақша тапқан алғашқы футболшы атанды, деп жазады Prosports.kz.

Бұл мәліметті атақты Forbes басылымы жариялап отыр.

2019 жылы 105 миллион доллар (шамамен 92 миллион еуро) табыс тапқан Португалия құрамасы мен «Ювентус» клубының шабуылшысы миллиардтық межеден асып кетті.

Қазір миллиардер спортшылардың саны үшеу. Роналдудан бөлек бұл межені боксшы Флойд Мейвейзер мен гольф ойыншысы Тайгер Вудс бағындырған.

Айта кетейік, Forbes Роналдудың бүкіл мансабы кезінде алған ақшасын, жалақы, демеушілік және басқа да инвестицияларды ескере отырып осы мәліметті жариялаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер