Басқа

FIG гимнастикадан Олимпиадаға іріктеу кезеңін ұзартады

FIG гимнастикадан Олимпиадаға іріктеу кезеңін ұзартады
news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық гимнастика федерациясы (FIG) Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындарына іріктеу кезеңіне жаңартулар енгізді.

Федерация Олимпиадаға іріктеу кезеңі 2021 жылдың 29 маусымына дейін ұзартты. Атап айтқанда, енді көркем гимнастика, спорттық және батуттық гимнастика бойынша спортшыларға тағы бір жыл мүмкіндік беріліп отыр. Халықаралық гимнастика федерациясының хабарлауынша, іріктеу кезеңнің жаңа ережесін халықаралық олимпиада комитеті мақұлдады.

Көптеген іріктеу жарыстары биыл наурыз-мамыр аралығында өтуі тиіс еді. Алайда, пандемияға байланысты квалификациялық турнирлердің уақыты кейінге шегерілді.

FIG ережесі бойынша Олимпиада ойындарына 16 жасқа толған спортшылар қатыса алады. Олимпиада бір жылға кейінге шегерілгеннен кейін іріктеу кезеңіне қатысуға 2005 жылы туған спортшыларға да мүмкіндік беріліп отыр.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер