Әлем футболы

Сот Диего Костаны түрмеге тоғытуды шешті

Сот Диего Костаны түрмеге тоғытуды шешті
news-banner7
mobile-news-top

Мадридтік «Атлетико» футболшысы Диего Коста Испанияның салық заңын бұзды деп танылды.

Бұған дейін прокуратура футболшыны алты айлық түрмеге қамап, 500 мың еуродан астам айыппұл төлеуді міндеттеуді сұраған болатын.

Коста спорттық жабдық өндірушілерінің бірімен 800 мың еуроға демеушілік келісімшартқа қол қойып, бұл келісімді Испанияда толық жарияламаған болып шықты.

Сот Диего Костаға 6 ай түрме және 543 208 еуро көлеміндегі айыппұл салу жазасын таңдады. Алайда футболшы Испания заңына сәйкес айыппұл төлеп, түрмеге отырмайды.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер