Қазақстанда туған футболшыға «Ювентус» пен «Боруссия» қызығып отыр

Қазақстанда туған футболшыға «Ювентус» пен «Боруссия» қызығып отыр
news-banner7
mobile-news-top

Түркияның «Алтынорду» командасының президенті Сейіт Мехмет Озкан 17 жастағы қорғауш Равиль Тагирдің болашағы жайлы айтты.

– Равильді Еуропаға жіберуге жоспарлап отырмыз. Қазірдің өзінде ойыншыға «Бенфика», «Интер», «Ювентус» пен «Боруссия» Дортмунд қызығушылық білдірді. Ресми ұсыныс та алдық.

Дегенмен футболшымызды кем дегенде 7,8 миллион еуроға сатамыз. Равиль – Премьер-Лигада оңай ойнап кететін футболшы. 22 жасқа толғанда оның нарықтағы құны 80 млн еуро болады, - деді Сейіт Мехмет Озкан «Fanatik» басылымына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Равиль Тагир Таразда туған. Кейін отбасымен Түркияға көшіп кеткен.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер