Самат Смақов «Тараздың» директоры болмайды

Самат Смақов «Тараздың»  директоры болмайды
news-banner7
mobile-news-top

Жамбыл облысының әкімдігі Самат Смақовтың «Тараз» футбол клубының директоры қызметіне тағайындалуы мүмкін деген ақпаратты жоққа шығарды.

Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында Самат Смақовтың «Тараз» футбол клубының директоры қызметіне жоспарлы түрде тағайындалуы туралы хабар тараған болатын.

«Жамбыл облысының әкімдігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдейді. Самат Смақов «Тараз» футбол клубының басшылығына үміткер ретінде қарастырылмайды», - делінген хабарламада.

Түпнұсқасы: zhambyl.gov.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер