Әлем футболы

«Вердер» — «Айнтрахт» матчында жаңа рекорд тіркелді

«Вердер» — «Айнтрахт» матчында жаңа рекорд тіркелді
news-banner7
mobile-news-top

Германия Бундеслигасының 29-туы аясында «Айнтрахт» сырт алаңда «Вердерді» 3:0 есебімен жеңді, деп жазады Prosports.kz.

Бұл ойында жаңа рекорд тіркелді.

Қонақтар сапынан 81 минутта алаңға шыққан Штефан Ильзанкер бар болғаны 17 секундтан кейін гол соғып, есепті 0:2-ге жеткізді. Бұрыштамадан асырылған допты Ильзанкер қақпаға тура бағыттады.

Осылайша Штефан Бундеслига тарихында қосалқы құрамнан шығып ең жылдам гол соққан ойыншы атанды.

Айта кетейік, Ильзанкер 90-минутта командасының үшініш голын соқты. Ал алғашқы голды Андре Силва соққан болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер