Басқа

Токио Олимпиадасын қандай өзгеріс күтіп тұр

Токио Олимпиадасын қандай өзгеріс күтіп тұр
news-banner7
mobile-news-top

Жапония үкіметі мен Олимпиаданы ұйымдастыру комитеті Олимпиада мен Паралимпиаданы жеңілдетілген форматта өткізу мүмкіндігін қарастырып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Шетелдік ақпарат құралдарының хабарлауынша, Yomiuri коронавирустың таралу қаупіне байланысты Олимпиада және Паралимпиада ойындарының ашылу және жабылу салтанатына қатысушылар санын азайту мүмкіндігін қарастырады.

Олар сонымен қатар көрермендер санын да азайтуы мүмкін.

Бұған дейін Халықаралық Олимпиада комитеті Токиодағы Олимпиада ойындары екінші рет кейінге шегерілмейді деп мәлімдеген болатын.

Айта кетейік, бастапқыда Токио Олимпиадасы 2020 жылдың шілде-тамыз айларында өткізілуі керек еді, бірақ коронавирусқа байланысты 2021 жылға ауыстырылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер