Қысқы

Алматыда Денис Тен атындағы мәнерлеп сырғанау академиясы ашылады

Алматыда Денис Тен атындағы мәнерлеп сырғанау академиясы ашылады
news-banner7
mobile-news-top

Денис Тен атындағы мәнерлеп сырғанау академиясы «Global Figure Skating Academy» 2020 жылдың соңында ашылады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Аталған орталықтың ашуылуы жаңа қысқы маусымының басталуына орайластырылады.

Бұл туралы Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Серік Жарасбаевтың Алматы қалалық спорт басқармасының бастығы Рүстем Байсейітов және Денис Теннің анасы Оксана Тенмен кездесуінде хабарланды.

Кездесу барысында Оксана Тен болашақ жобаның тұжырымдамасымен таныстырды. Министрлік Алматы әкімдігімен бірлесіп Академияның ашылуы мен жұмыс істеуіне мемлекеттік қолдау тетігін әзірлеуге уәде береді.

Академия Алматыдағы мұз айдындарының бірінің базасында ашылады. Оған әлемнің ең үздік жаттықтырушылар тартылады деп жоспарланып отыр. Осы бағытта белгілі мамандар Татьяна Тарасова және Фрэнк Кэроллмен келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер