Бокс

Әйгілі жаттықтырушы: Головкиннің қайраты қайтқан, ал Канело - қайрауы жеткен қылыштай

Әйгілі жаттықтырушы: Головкиннің қайраты қайтқан, ал Канело - қайрауы жеткен қылыштай
news-banner7
mobile-news-top

Әйгілі жаттықтырушы Мэнни Роблес мексикалық Сауль Альварес пен қазақстандық Геннадий Головкиннің трилогиясы, сонымен қатар «Канелоға» қарсылас ретінде Дмитрий Бивол, Артур Бетербиев және Дэвид Беневидестер туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz Vringe-ге сілтеме жасап.

- «Канелоның» қазіргі кезде бокстағы ең үлкен жұлдыз екенін білесіз. GGG-ге қарсы жекпе-жегі туралы не ойлайсыз? Олардың қыркүйекте кездесуі мүмкін екені айтылды. Олардың үшінші жекпе-жегін тамашалағыңыз келе ме?

- Білмеймін. Менің ойымша, GGG - керемет боксшы, бірақ ол бұрынғыдай қайратты емес. Ал «Канелоны» Мейуэзермен салыстыруға болады. «Канело» қалағанын істейді. Ол үміткерлердің атын өзі айтады. Ол кей мықтылармен шыққысы келмеуі мүмкін. Мәселен, Биволмен. Мүмкін, мұндай жекпе-жектен аулақ болып, біреумен төбелескен дұрыс та шығар. Сол сияқты 76,2 кг салмақтағы Бенавидес бар.

- Бетербиев ше?

- Иә, Бетербиев бар . Бұл жігіттер құбыжықтар қой. Олар - жартылай ауыр салмақ дивизионындағы тамаша боксшылар. Сонымен қатар, өзге шеберлерді де айтуға болады.

Мен GGG-мен үшінші жекпе-жекті көргім келе ме? Головкин баяғыдай емес, қартайып қалды, ал «Канело» қайрауы жеткен қылыштай болып тұр.

Сурет: bloododyelbow.com.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер