Әлем футболы

УЕФА түркиялық клубты еурокубоктардан бір маусымға шеттетті

УЕФА түркиялық клубты еурокубоктардан бір маусымға шеттетті
news-banner7
mobile-news-top

Түркияның «Трабзонспор» клубы Чемпиондар лигасында және Еуропа лигасында ойнаудан бір жылға шеттетілді, деп хабарлайды Prosports.kz.

УЕФА қаржылық бақылау клубы (CFCB) түркиялық клубтың қаржылық әділ ойын ережелерін сақтамағаны үшін жазалады.

2016 жылдың мамырында УЕФА мен «Трабзонспор» келісімге келді, оған сәйкес клуб бірқатар шарттарды орындауы керек еді. Әйтпесе, командаға бір маусымда еуропалық жарыстардан шеттетілу қаупі төнді.

УЕФА-мен келісілген шарттарды «Трабзонспор» орындамады.

Осы маусым уақытша тоқтатқанға дейін, 26 турда 53 ұпай жинаған «Трабзонспор» Түркия чемпионатында көш бастап тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер