Әлем футболы

Роналду командалық жаттығуға төрт сағат бұрын келді

Роналду командалық жаттығуға төрт сағат бұрын келді
news-banner7
mobile-news-top

«Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналду командалық жаттығуға төрт сағат бұрын келді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Tuttosport басылымының мәліметінше, 35 жастағы футболшы алдымен жеке, содан кейін ол жалпы топпен жұмыс істей бастаған.

Клуб дәрігерлері клуб ойыншыларының денсаулығын тексерді. Роналдудың жекелей көрсеткіштері Мадейраға кеткенге дейінгі көрсеткіштен де жоғары болып шықты.

Еске сала кетелік, португалиялық ойыншы футболшы отанына барып, сол жерде оқшауланған болатын.

Шабуылшы осы маусымда 32 матч өткізіп, 25 гол соққан және төрт рет нәтижелі пас берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер