Басқа

Бүкіләлемдік каратэ федерациясы атақты спортшылармен біріккен жоба бастады

Бүкіләлемдік каратэ федерациясы атақты спортшылармен біріккен жоба бастады
news-banner7
mobile-news-top

Бүкіләлемдік карате федерациясы (WKF) әлеуметтік желіде жаңа кампания бастады, деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Кампания «Карате ... үйрен» деп аталады. Аталған жоба барысында бірнеше атақты каратеші жанкүйер-оқырмандарға кеңес береді. Қазіргі таңда Венесуэла жұлдызына айналған екі дүркін әлем чемпионы Антонио Диас карантин кезінде Каракастағы үйінен онлайн сабақ жүргізіп отыр. Ката бойынша аталмыш кампанияға қатысатын 6 каратешінің ішінен біреуі үйретеді. Диас Кихон туралы бүкіләлемдік каратэ федерациясының Instagram және Facebook желілерінде тікелей эфирге шығады. Бірінші эфир 5 маусымға жоспарланған. Ал бразилиялық Дуглас 23 маусым күні жылдамдық бойынша дәріс өткізсе, 3 шілдеде Нгуен Хоанг Нган Кихан негіздері бойынша білім береді. Италиялық Лука Валдеси 17 шілдеде, грекиялық спортшы Василики Панетсиду 31 тамызда Маваши-гери және Ура-Маваши-гери соққылары бойынша тікелей эфир қонағы болады. Қорытынды сабақ әлемнің бірнеше дүркін чемпионы жапониялық 14 тамызда Рё Кийуны мен Кихон және Анан Ката негіздері бойынша өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер