Әлем футболы

adidas саяси көзқарасы үшін Өзілмен серіктестікті доғарады

adidas саяси көзқарасы үшін Өзілмен серіктестікті доғарады
news-banner7
mobile-news-top

Танымал adidas бренді «Арсеналдың» ойыншысы Месут Өзілмен серіктестіктің күшін жояды.

2013 жылы басталған серіктестік уақытында неміс футболшысы 22 миллион фунт табыс тапқан. Алайда биылдан бастап келісімшарт мерзімі ұзартылмайды. Бұған футболшының саяси көзқарасы себеп болып отыр.

Өзіл 2018 жылы Түркия президенті Реджеп Тайип Эрдоғанмен суретке түскені үшін сынға ұшыраған. Одан кейін Қытайды ұйғырларды қуғын-сүргінге ұшыратып жатыр деп айыптады.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер