Басқа

Азия ойындарын ұйымдастыру комитеті жаңа телеарнаның тұсауын кесті

Азия ойындарын ұйымдастыру комитеті жаңа телеарнаның тұсауын кесті
news-banner7
mobile-news-top

2022 жылы Хунчжоуда өтетін Азия ойындарының (HAGOC) ұйымдастыру комитеті 2022 жылғы Азия ойындары туралы ақпараттық ресми телеарнаны ашты.

Азиада каналы Хунчжоу радио және мәдениет телевизиялық тобымен бірлесе «жас және спорттық» деген ұғыммен балаларға арналған бағытта тұсауын кескен.

HAGOC бас хатшысының орныбасары, Ханчжоудың вице-мэрі Чэнь Вэйцянаның айтуынша, Азиада ойындарын насихаттау үшін арнайы ашылған арна қала имиджін көтеріп, Азия ойындарына дайындық барысын бақылауға көмектеседі.

Аталған канал Қытайдың бірнеше қаласымен серіктес болғандықтан, Чжэцзян және Ханчжоу өңірлерінің мәдениеті мен тыныс-тіршілігімен де бөліседі.

Айта кетерлігі, Ханчжоуда жоспарланып отырған ХІХ Азия ойындары 2022 жылдың 10-22 қыркүйегінде өтеді.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер