Басқа

«Қазақстан мақтаныштары». Қазақстан Президенті Головкин, Викокуров және Рыпаковалар туралы

«Қазақстан мақтаныштары». Қазақстан Президенті  Головкин, Викокуров және Рыпаковалар туралы
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Комсомольская правда» журналистерінің елдегі орыстардың жағдайына қатысты сұрақтарына жауап бере отырып, Қазақстанның дамуына, соның ішінде спортшыларға зор үлес қосып жүрген орыс ұлты азаматтары туралы айтты , деп хабарлайды Prosports.kz.

«Жақында шетелдік аналитикалық материалдардың бірінде мен« Қазақстандағы орыс диаспорасы» деген сөзді кездестірдім. Мен біздің идеологтар мен сарапшыларға былай айтуға тыйым салдым. Орыстар - біздің халқымыздың бір бөлігі, олардың Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесі орасан зор және оны ұмытуға болмайды.

Біздің тарихымызда көптеген орыстың есімдері алтын әріптермен жазылған: Григорий Потанин, Павел Зенков, Евгений Брусиловский, Александр Затаевич, Александр Бараев, Сергей Луганский, Иван Шухов, Иван Панфилов, Иван Павлов, Николай Макиевский. Осы және басқа да көптеген адамдар - Қазақстанның мақтанышы. Геннадий Головкин, Александр Винокуров, Ольга Рыпакова және басқа да атақты спортшылар әлемдік спорт ареналарында Қазақстанның намысын сәтті қорғап жүр», - деді Қазақстан басшысы.

Сурет rus.azattyq-ruhy.kz

Түпнұсқасы: kp.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер