Әлем футболы

АПЛ жолдастық кездесулерге рұқсат берді

АПЛ жолдастық кездесулерге рұқсат берді
news-banner7
mobile-news-top

Ағылшын Премьер-лигасы маусымды жалғастыруға дайындалып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz Telegraph.co.uk порталына сілтеме жасап.

Лига клубтарға жолдастық кездесулер өткізуге мүмкіндік берді. Матчтар қатаң санитарлық нормаларға сай болуы керек.

Ал ойында төрешілер болмайды - жаттықтырушылар төрешілер рөлін атқарады. Сонымен қатар, ойынға дайындық кезінде футболшылар мен жаттықтырушылар сақтық шараларын орындауы керек: шешінетін бөлмеге кірмей, жеке көлікпен келгенде бірден ойын экипировкасымен келуге тиіс.

Алғашқы жолдастық матчтар осы аптада өтуге тиіс.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер