Әлем футболы

Италияда көрермендердің футбол матчтарына кіруіне рұқсат беріле ме

Италияда көрермендердің футбол матчтарына кіруіне рұқсат беріле ме
news-banner7
mobile-news-top

Италия А сериясының қалған бөлігі 20 маусымда жалғасады, деп жазады Prosports.kz.

Маусымның жалғасатыны бұған дейін ресми жабарланған болатын.

Ал жергілікті уақыт дүйсенбі күні А сериясының ресми сайтында маусым жалғасқаннан кейінгі матчтар кестесі жарияланды.

Жаңа кестеге сай, бір аптада екі турдың ойындары өтеді. Өйткені чемпионатты 2 тамыздан бұрын аяқтау жоспарланған. Апта соңындағы ойындар сенбі күні басталып, дүйсенбіге дейін жалғасады. Ал апта ортасында өтетін тур ойындары сейсенбі басталып, бейсенбіге дейін созылады.

Маусым, шілде айларында күн ыстық болатындықтан, түстен кейін матч өткізуге рұқсат берілмеді. Сол үшін матчтар негізінен 19:00, 21:45-те басталады. Бірақ арасында сәл ертерек 17:15-те басталатын ойындар да кездеседі.

Сонымен қатар, қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында бірқанша ереже енгізілді. Ол бойынша, екі команданың ойыншылары жасыл алаңға бір уақытта кіріп-шығуына болмайды. Сондай-ақ матч кезінде стадионға ең көп болғанда 300 адамның кіруіне болады. Бұл ойыншыларды, клуб қызметкерлерін және журналистерді қамтиды.

Толық тур ойындары 22 маусымда басталады. Ал оған дейін төрт бірдей кейінге шегерілген 25-тур матчтары өтеді. 20 маусымға «Торино» – «Парма» және «Верона» – «Кальяри» матчы, ал 21 маусымға «Аталанта» – «Сассуоло» және «Интер» – «Сампдория» ойыны жоспарланған.

Айта кетейік, Италия футбол федерациясы алаңа аз мөлшерде жанкүйер кіргізуді де жоспарлап отыр. Егер өтініш мақұлданса, алаң сыйымдылығының 25%-ы мөлшерінде көрермен ойынды алаң жиегінен тамашалауы мүмкін.

Италия футбол федерациясының президенті Габриэле Гравинаның пікірінше, 60-80 мың адамға арналған үлкен стадиондарға азырақ жанкүйер кірсе аса қауіпті емес.

Transfermarkt: «Манчестер Сити» ойыншылары «Астанадан» 44 есе қымбат

Бес елдің чемпионатында топ жарған бапкер кім

Зайнутдинов, Қуат және Бахтияров 21 маусымда жасыл алаңға оралады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер