ММА

«Шайқас нәтижесі маған маңызды емес». Агапова UFC-дегі алғашқы жекпе-жегі жайлы

«Шайқас нәтижесі маған маңызды емес». Агапова UFC-дегі алғашқы жекпе-жегі жайлы
news-banner7
mobile-news-top

UFC-де Қазақстан атынан шығатын алғашқы бұрымды файтер Мария Агапова өзінің алғашқы жекпе-жегін 13 маусымда Лас-Вегастағы турнирде бразилиялық Мелисса Гаттоға қарсы өткізеді. News.ru сайтына берген сұхбатында спортшы турнирдің алғашқы жекпе-жегіндегі мақсаты туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

- Сіздің дебюттік жекпе-жегіңізде ең бастысы - лиганың шыңына жету үшін жеңіске жету немесе 50 мың сыйлық ұтып алуға тырысу ма?

«Мен үшін бастысы - төбелесу. Нәтиже маған маңызды емес. Мен осы жекпе-жекте осы әлемге деген өкпемді қалдырғым келеді. Ақша маңызды, бірақ шынымды айтсам, бұл шайқастың қалай өрбитіні маған бәрібір. Мен дәл осы жекпе-жекті күтіп отырмын», - деді қазақстандық спортшы журналистің сұрағына.

Еске салайық, Мария Агапова UFC-мен келісімшартқа отырғандығы 26 ақпанда белгілі болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер