Теннис

US Open: Турнирді өткізу үшін қандай шаралар сақталады?

US Open: Турнирді өткізу үшін қандай шаралар сақталады?
news-banner7
mobile-news-top

Әлемдік US Open турнирінің ұйымдастырушылары дүниежүзінде болып жатқан жағдайға байланысты доданы қауіпсіздік сақтай отырып өткізудің бірнеше жолын қарастыруда.

Аталған дода ұйымдастырылған жағдайда көрермендерсіз өтетіні мәлім болды. Сонымен қатар, спортшылардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында қатысушыларға арнайы чартерлік рейстер тағайындалуы мүмкін. Қатысушалырдың барлығы жарыс алдында COVID-19 вирусына тест тапсыратын болады.

Сондай-ақ, жарыста төрелік ететін төрешілер мен матчта қызмет көрсететін болбой саны қысқартылады. Тағы бір ескеретін жайт, жарыс ұйымдастырылған жағдайда форматы өзгеруі мүмкін.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер