Әлем футболы

Бразилиялық футбол клубының 19 ойыншысы коронавирус жұқтырды

Бразилиялық футбол клубының 19 ойыншысы коронавирус жұқтырды
news-banner7
mobile-news-top

Бразилиялық «Васко да Гама» футбол клубының 16 ойыншысы коронавирус жұқтырған, деп хабарлайды Prosports.kz «Чемпионат» сайтына сілтеме жасап.

Globo Esporte хабарлағандай, 43 футболшының 19-ынан аталмыш вирус табылған.

16 ойыншы оқшаулануға жіберіледі, қалған үшеуінен тек антиденелер табылды. Қалған ойыншылар қайта сынақтан өтеді. Барлығы 350 адам тексерілді, оның ішінде қызметкерлер, клуб әкімшілігі және олардың отбасы мүшелері де бар.

Еске сала кетейік, наурызда коронавирус пандемиясына байланысты Бразилиядағы барлық футбол чемпионаттары тоқтаған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер