Басқа

Скейтбордингтен Олимпиадаға іріктеу кезеңінің жаңа ережесі бекітілді

Скейтбордингтен Олимпиадаға іріктеу кезеңінің жаңа ережесі бекітілді
news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) Атқарушы кеңесі скейтбординг бойынша Токио Олимпиадасының іріктеу кезеңінің ережелеріне енгізілген өзгерістерді мақұлдады, деп хабарлайды Prosports.kz. ҰОК сайтына сілтеме жасап

Коронавирус пандемиясына байланысты Олимпиада ойындары бір жылға қалдырылып, 2021 жылдың 23 шілдесі мен 8 тамызы арасында өтетін болды. Олимпиада ойындары басқа датаға ауыстырылғандықтан бірнеше іріктеу кезеңіне өзгеріс енгізуге тура келді. World Skate наурыз және сәуір айында өкізілмеген жарыстарды қарастырып, Олимпиадаға іріктеу кезеңін жаңартып, тағы да уақыт қосты. Атап айтқанда, Олимиада ойындарына іріктеудің екінші кезеңі болады. Ол 2021 жылдың 29 маусымына дейін жалғасады. Айта кетерлігі, скейтбординг спорты Олимпиада тарихында бірінші рет Токио Олимпиадасында қосылады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер