Бокс

Сондерс Канелоға қарсы көрерменсіз жекпе-жектің пайдасын айтты

Сондерс Канелоға қарсы көрерменсіз жекпе-жектің пайдасын айтты
news-banner7
mobile-news-top

Екінші орта салмақта WBO чемпионы Билли Джо Сондерстің пікірінше, Сауль Альвареске қарсы жекпе-жек көрерменсіз өтсе, оған қолайлы болады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

Сондерстің айтуынша, фанаттардың қолдауы кейде төрешілерге де әсер етеді.

«Егер біз бос аренада жұдырықтассақ, Канело менің территориямда болады, өйткені ол бос стадиондарда айқасып үйренбеген. Ол үлкен жекпе-жектерде қатысу әдетінен зиян көруі мүмкін. Егер сенің соққың дәл болмаса, көпшілік бәрібір сені қолдайды, ал бұл төрешілерге және пікірлерге әсер етеді», - дейді Сондерс.

Еске салайық, Сондерс - Альварес кездесуі мамырда өтуі керек болған, бірақ коронавирус пандемиясына байланысты белгісіз мерзімге шегерілген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер