ММА

Макгрегор Хабиб - Гэтжи жекпе-жегінің жеңімпазымен кездесуі мүмкін

Макгрегор Хабиб - Гэтжи жекпе-жегінің жеңімпазымен кездесуі мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

UFC президенті Дэйна Уайт промоушеннің екі салмақ дәрежесінде бұрынғы чемпионы Конор Макгрегор титулды жекпе-жек өткізетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

Ұйым басшысының сөзінше, Макгрегор октагонда Хабиб Нурмагомедов - Джастин Гэтжи жекпе-жегінің жеңімпазымен кездеседі.

«Гэтжи мен Хабиб жекпе-жегін күтіп жүрмін. Оның қалай аяқталарын көргім келеді. Кейін жеңімпаздың Конормен кездескенін күтемін», - деді Уайт ESPN телеарнасындағы шоулардың бірінде.

Хабиб Нурмагомедов пен Джастин Гэтжи жекпе-жегі 2020 жылы қыркүйекте өтуі мүмкін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер