Бокс

«Тым артық бағаланған боксшы». Шетелдік журналист Головкинді сынады

«Тым артық бағаланған боксшы». Шетелдік журналист Головкинді сынады
news-banner7
mobile-news-top

El Round Final басылымының журналисі Виктор Оливера қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді сынға алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

Оливераның пікірінше, Головкин карьерасындағы екі маңызды жекпе-жекте өзін жақсы көрсете алмаған.

«Головкин - тым артық бағаланған боксшы: мұны мойындау керек. Бұлай айтуыма себептерім бар. Маған да GGG ұнаған, бірақ ол Канелоны нокаутқа түсіре алмады да, өзін нашар көрсетті», - деп жазды Оливера.


Айта кетейік, Головкин Сауль Альвареспен екі рет жұдырықтасқан. 2017 жылы қыркүйекте боксшылар тең түсіп, бұл нәтижеге қарсы шыққандар көп болған. Ал тура бір жылдан соң рематчта Канело Головкинді жеңіп, барлық титулын иеленген.

Енді боксшылар биыл желтоқсанда не 2021 жылы үшінші рет жұдырықтасуы ықтимал.

Сарапшы Головкинді аты аңызға айналған чемпиондармен салыстырды

Шеремета: Адамдардың 99,9 пайызы Головкинді жеңетініме сенбейді. Ал маған бәрібір!

Головкин - Альварес жекпе-жегі қыркүйекте көрермендермен өтуі мүмкін

Орта салмақтағы әлемнің үздік боксшылары анықталды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер