ММА

Қуат Хамитов: ЛГБТ қауымдастығы ауытқуы бар жандардан құралған

Қуат Хамитов: ЛГБТ қауымдастығы ауытқуы бар жандардан құралған
news-banner7
mobile-news-top

Fight Nights Global ұйымы титулының бұрынғы үміткері Қуат Хамитов тағы бір рет Қазақстандағы ЛГБТ қауымдастығын сынға алды, деп хабарлайды Prosports.kz Sports.ru сайтына сілтеме жасап.

«Соғыс жалғасып жатыр. Мен өз елімнің патриотымын және ЛГБТ адамдары біздің жастарымызды бұзады деп санаймын. Бұл адамдардың біздің балаларымыз бен жастарымыздың санасын өзгерткенін қаламаймын.

Біз дәстүрді ұстануымыз керек деп санаймын. Біздің әкелеріміз бен аталарымыз кейбір ұятсыздардың біздің елге келіп, бәрін хаосқа айналдыруы үшін күрескен жоқ. Олардың туын әсіресе Рамазан айында байқап қалдым. Тіпті біздің елде осы қозғалысты қолдайтындар барын көргенде, мен олардың бәрін итке теңеп, пікір қалдырдым.

Мен өз елімде және ұлтымызда осындай адамдардың бар екенін білмедім. Бұл бізге де, кез-келген басқа дінге де тән емес. Барлық ғалымдар мұны ауытқу деп айтады. Мен бұл қозғалысты қолдамаймын.

Мен басқа біреудің ісіне тұмсығымды тықпаламаймын. Бірақ бұлар мұны қалыпты іс деп санайтын болса, онда оны үйде жасасын және көшеде насихаттауды доғарсын», - деді Хамитов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер