Әлем футболы

Манчестерде футболшының үйі тоналды

Манчестерде футболшының үйі тоналды
news-banner7
mobile-news-top

Манчестерде алжирлік «Манчестер Сити» жартылай қорғаушысы Рияд Марездің пәтерін тонап кетті деп хабарлайды Prosports.kz.

The Sun басылымның мәліметінше, тонаушылар қымбат сағаттар, білезіктер, ақша, сондай-ақ сирек кездесетін футбол формаларының коллекциясын ұрлаған. Жалпы шығын 600 мың еуродан асты.

29 жастағы Марез «Манчестер Сити» сапында 2018 жылдан бері ойнап келеді. Осы маусымда жартылай қорғаушы «қала тұрғындары» үшін барлық турнирлерде 37 матч өткізіп, тоғыз гол соққа. Оның ағылшын клубымен келісімшарты 2023 жылдың жазына дейін жарамды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер