ММА

Қуат Хамитов: Қытайда нағыз файтер болдым

Қуат Хамитов: Қытайда нағыз файтер болдым
news-banner7
mobile-news-top

Аралас жекпе-жектен Қазақстандық (MMA) файтері Қуат Хамитов (18-7-1) Fight Nights Global ұйымында сұхбат берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

- [2013 жылы] мен қытайлық RUFF ұйымымен төрт жекпе-жек өткізуге келісімшартқа отырдым. Мен ол жаққа барған кезде, мен бірінші жекпе-жектен кейін салмақ қуалап, ол жерде Дағыстаннан келген Ислам Махачев пен Азамат Гашимов сынды Хабиб Нурмагомедовтың тобындағы жігіттермен таныстым. Мен олардан физикалық қалыпқа келу, салмақ қуалау, не жеу керек, қанша су ішу керек, қандай дәрі пайдалану керек, бәрін үйрендім. Ал бұған дейін мен ештеңе түсінбейтін таза колхозшы едім. Мен жекпе-жектің алдында салмақ қуалау ды білмедім.

Мысалы, Зубайра Тухуговпен жекпе-жектің алдында мен үш күн бойы аш болдым - мен ештеңе жеген жоқпын, тіпті су да ішпедім. Тек сорпа ғана. Енді мен осы сәттерді есіме түсіріп: «Қап-ай, нағыз колхозшы болған екенмін» - деп ойлаймын. Қытайда өнер көрсете бастағанымда бәрі өзгерді. Ол жерде көп нәрсе үйрендім. Ислам Махачев тіпті маған салмақ тастаудың қалай екенін айтты. Бұған дейін мен мұны өмірімде жасаған емеспін. Мен Қытайға барған кезде нағыз сарбаз болдым, бұған дейін мен әуесқой едім және ештеңе түсінбедім», - деді Хамитов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер