Әлем футболы

Коутиньоға тағы бір англиялық клуб қызығушылық танытты

Коутиньоға тағы бір англиялық клуб қызығушылық танытты
news-banner7
mobile-news-top

«Тоттенхэм» футбол клубы «Барселона» ойыншысы Филиппе Коутиньоны қатарға қосуға ниетті, деп жазады Prosports.kz.

Каталониялық клуб 27 жастағы футболшыны «Баврияға» жалға берген. Германиялық клуб сапында ол 23 матчқа қатысып, 9 гол соқты.

Жозе Моуринью жаттықтыратын «Тоттенхэмнің» қазіргі жоспары, Коутиньоны алдымен 8 млн ероға жалға алмақшы. Түбегейлі сатып алу мәселесін содан кейін ғана шешеді. Лондондық клуб оған аптасына 200 фунт жалақы төлеуге дайын.

Айта кетейік, бразилиялық жартылай қорғаушыны «Барселона» 165 млн ероға сатып алған болатын. Коутиньо бұған дейін де Англияда доп тепкен. «Ливерпуль» сапында үздік ойыншылардың бірі болған.

Бүгінгі таңда оған «Тоттенхэмнен» бөлек, «Арсенал», «Челси» сынды англиялық клубтар қызғушылық танытып отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер