Әлем футболы

«Манчестер Сити» ойыншысының үйіне ұры түсті

«Манчестер Сити» ойыншысының үйіне ұры түсті
news-banner7
mobile-news-top

«Манчестер Сити» ойыншысы Рияд Махрездің үйіне ұры түсті, деп жазады Prosports.kz.

Шетелдік ақпарат құралдарының хабарлауынша, ойыншының жалпы шығыны 555 мың еуродан асады.

Жоғалған заттардың ішінде ең бағалысы құны 255 мың еуродан асатын Richard Mille қолсағаты. Одан бөлек Rolex Daytona (€ 44 мың), Rolex Day Date (€ 39 мың) қолсағаттары да жоғалған. Сондай-ақ, оның үйінен 61 мың еуродан астам ақша, құны 166 мың еуродан асатын Cartier білезіктері мен футбол формалары ұрланған.

Айта кетейік, Махрез «Манчестер Сити» сапында 2018 жылдан бері өнер көрсетіп келеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер