«Астана-Жас» Бірінші лигаға қатыспайды

«Астана-Жас» Бірінші лигаға қатыспайды
news-banner7
mobile-news-top

Prosports.kz сайтына белгілі болғандай, «Астана» футбол клубының құрамына кіретін «Астана-Жас» командасы 2020 жылғы Бірінші лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионатына қатыспайды.

Енді 2020 жылғы ұлттық чемпионатқа елордалық клубтың екі командасы - Премьер-лигаға «Астана» және Екінші лигаға «Астана-Ж» қатысады.

Айта кетейік, «Астана-21» командасы 2018 жылы Екінші лигада жеңіске жетіп, Бірінші лигаға жолдама алды. Ал 2019 жылы Бірінші лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионатында 22 ұпай жинап, 13-орын алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер