Әлем футболы

«Мольде» ойыншысы клубтың қаражатын ұрлап жүрген

«Мольде» ойыншысы клубтың қаражатын ұрлап жүрген
news-banner7
mobile-news-top

Норвегиялық «Мольде» футбол клубы қорғаушы Вегард Форренмен ұрлық жасағаны үшін келісімшартты бұзды, деп хабарлайды Prosports.kz.

32 жастағы футболшы құмар ойындарға әуес. Осыған байланысты оның қарыздары көбейіп кеткен. Ол қарыз алушыларына «Мольденің» жалпы айыппұл шотынан ақша төлеп жүрген. Форрен ойыншылар мен клуб қызметкерлерінен командалық айыппұлдарды жинауға жауап берген. Ол айыппұл шотына ақшаны қайтара алмаған кезде, оның ұрлығы туралы белгілі болды. Қазір футболшы клубқа 9255 еуро қарыз.

«Менің «Мольдедегі» мансабымды осылай аяқтау өте өкінішті деп ойлаймын. Бірақ менің әрекеттерім менің сенімділігіме нұқсан келтіргенін түсінемін. Мен отбасымнан, достарымнан, серіктестерімнен, клубтан, жанкүйерлерден және «Мольдені» жақсы көретіндерден кешірім сұраймын», - деді Форрен норвегиялық клубттың ресми сайтында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер