Ауыр атлетика

Ауыр атлетикадан Олимпиадаға іріктеу кезеңі жаңартылды

Ауыр атлетикадан Олимпиадаға іріктеу кезеңі жаңартылды
news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы Олимпиадаға іріктеу кезеңіне жаңартулар енгізді.

Енгізілген өзгерістер мен жаңартулар халықаралық олимпиада комитеті мен халықаралық паралимпиада комитеті тарапынан мақұлданған.

Пандемияға дейінгі іріктеу кезеңінде жиналған ұпай сандары рейтингте өзгеріссіз сақталады. Covid-19 індетінің кесірінен тоқтатылған додаларды қайта өткізу Олимпиадаға іріктеу кезеңін жаңартуға себеп болды. Жаңа күнтізбеге сәйкес 2020 жылдың 1 қазаны мен 2021 жылдың 30 сәуірі аралығында өткен жарыстар Олимпиадаға іріктеу додасы болып саналады.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер