Әлем футболы

Англия Премьер-лигасы 17 маусымда қайта жалғасады

news-banner7
mobile-news-top

Англия Премьер-лигасы 17 маусымда қайта жалғасады. Бұл күні 29-турдың кейінге қалдырылған екі ойыны өтеді.

Аталған ойындарда «Манчестер сити» мен «Арсенал», «Астон Вилла» мен «Шеффилд Юнайтед» шеберлік сынасады.

Бұдан кейін Премьер-лигадағы барлық команданың еншісіне 29 ойыннан жазылады. Ал 30-тур 19 маусымда басталады. Ойындар коронавирусқа байланысты жанкүйерсіз өтеді.

Естеріңізге сала кетелік, ағылшын Премьер-лигасы 9 наурыздан кейін кейінге шегерілді. Қазір турнир кестесінде көш басында 29 ойыннан кейін 82 ұпаймен «Ливерпуль» командасы келеді. Одан кейінгі орындардағы «Манчестер сити» еншісінде 57 (28 ойыннан кейін), «Лестерде» 53 ұпайдан бар.

Ал футболдан Испания чемпионаты 11 маусымда жалғасады. Сондай-ақ, футболдан Германия біріншілігі мамыр айының ортасынан қайта жалғасты.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер