Әлем футболы

Чемпиондар Лигасының финалы Стамбұлдан басқа қалаға ауыстырылуы мүмкін

Чемпиондар Лигасының финалы Стамбұлдан басқа қалаға ауыстырылуы мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

Чемпиондар лигасының финалы Түркиядан Португалияға ауыстырылуы мүмкін.

TyC Sports басылымының мәліметінше, УЕФА финалдық ойынды Лиссабон қаласында өткізугі қарастырып эатыр.

Келесі аптада УЕФА Түркия өкілдерімен финалды басқа елге ауыстыру жөнінде келіссөз жүргізеді. Бұл жайлы нақты шешім 17 маусым күні қабылданады деп күтілуде.

Бұған дейін УЕФА 1/4 финалдық кезеңінен кейін турнирді «Төрттік финал» форматындағы нұсқамен өткізетін қарастырып отыр. Сонымен бірге шешуші матчтар қатысушы командалардың стадиондарында өтеді, ал финал Ыстамбұлда болмайды. Оның орнына, барлық кездесулер Германияда өтуі мүмкін, себебі онда эпидемиологиялық жағдай Түркияға қарағанда жақсырақ және ұлттық чемпионат қайта басталды.

Мұндай жағдайда 1/8 финалдың ақтық ойындары 7 және 8 тамызда, ал ширек финал 13 және 14 тамызда өтеді. УЕФА еурокубоктар маусымын 31 тамызға дейін аяқтауға үмітті.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер