Әлем футболы

«Атлетико» шабуылшысы алты ай түрмеге тоғытылуы мүмкін

«Атлетико» шабуылшысы алты ай түрмеге тоғытылуы мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

Мадридтік «Атлетико» футболшысы үшін прокуратура алты айлық түрме және 500 мың еуродан астам айыппұл талап етіп отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оған себеп - салық төлеуден жалтару.

Мадридтің провинциялық соты бұл іс бойынша сот отырысын 4 маусымға белгіледі. Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында 31 жастағы шабуылшыға 2014 жылы имидждік құқықты іске асырудан алған кірістерінен 1,1 миллион еуро төлеуден жалтарғаны үшін айып тағылған деп хабарланған.

Коста спорттық жабдық өндірушілерінің бірімен 800 мың еуроға демеушілік келісімшартқа қол қойды. Испания билігі футболшы бұл келісімді Испанияда толық жарияламады деп болжайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер