Бокс

Видео. Қазақстанның екі мәрте күміс жүлдегері келесі жекпе-жегіне дайындалып жатыр

Видео. Қазақстанның екі мәрте күміс жүлдегері келесі жекпе-жегіне дайындалып жатыр
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық бірінші жартылай орта салмақтағы боксшы Рай Сейітжанов (2-0) карантиннен кейін рингке оралуға белсенді дайындықты жалғастыруда, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазіргі уақытта боксшы Алматыда жаттығып жүр. Жаттыудың видеосы MTK Қазақстан басқарушы компаниясының инстаграмында жарияланды.

Рай Сейітжанов соңғы жекпе-жегін 16 желтоқсанда Алматыда өткізді. Онда төрешілердің бірауызды шешімімен әзірбайжандық Рамиз Мамедовты жеңді (1-1).

Қазақстандық 28 наурызда Алматыда жекпе-жек өткізуді жоспарлаған еді, бірақ коронавирус пандемиясына байланысты бокс кеші өтпейтін болды.

Сонымен қатар, Сейітжанов екі рет әуесқойлық арасында 69 келі салмақта Қазақстан чемпионатында күміс жүлдеге ие болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер