ММА

Бұрынғы M-1Global чемпионы UFC-ден шығарылды

Бұрынғы M-1Global чемпионы UFC-ден шығарылды
news-banner7
mobile-news-top

Америкалық атақты промоушен UFC ресейлік файтер Алексей Кунченкомен келісімшартты бұзды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Журналист Рафаэля Мариньо айтуынша, промоушен 36 жастағы спортшыны қатардан шығарды. Бұл шешімнің себебі әлі жарияланған жоқ.

Кунченко 2018 жылдың 15 қыркүйегінде UFC-дегі дебюттік кездесуін өткізді. «Олимпийский» спорт кешенінде ол бразилиялық Тиаго Альвисті төрешілердің бірауызды шешімімен жеңген болатын.

Айта кетейік, Алексей бұған дейін жартылай орта салмақта M-1Gobal чемпионы болатын. Ол UFC-ге ауысқан соң, бұл атақты қазақстандық Шавкат Рахмонов Данила Приказамен жекпе-жекте жеңіп алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер