Әлем футболы

«Штутгарт» керемет камбэк жасады

«Штутгарт» керемет камбэк жасады
news-banner7
mobile-news-top

Германия Екінші Бундеслигасының 28-тур аясында «Штутгарт» - «Гамбург» матч өтті, деп жазады Prosports.kz.

Кездесу 3:2 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді.

Бірінші тайм 0:2 есебімен қонақтардың пайдасына аяқталған. Екі голды «Гамбург» сапынан Йоэль Похьянпало (16 минут) мен Аарон Хант (45+2) соқты. Алайда алаң иелері қайсарлық танытып, өз алаңында маңызды үш ұпайды еншілей алды. Алаң иелері сапынан үш гол соққандар, Ватар Эндо (47), Николас Гонсалес (60), Гонсало Кастро (90+3).

Осы жеңістен кейін «Штутгарт» 48 ұпаймен турнирлік кестенің екінші сатысына жайғасты. Екінші Бундеслиганың қазіргі сәттегі көшбасшы - «Арминия» (53 ұпай).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер