Әлем футболы

Балотелли «Брешиа» клубының президентімен келіспей қалды

Балотелли «Брешиа» клубының президентімен келіспей қалды
news-banner7
mobile-news-top

«Брешиа» шабуылшысы Марио Балотелли командадан кетуі мүмкін, деп жазады Prosports.kz.

Бұған себеп, италиялық футболшы клуб президенті Массимо Челлиномен келіспей қалды. Бұрыннан бері басбұзарлығымен танылған Балотелли он күн бойы жаттығуға қатыспаған. Осыған байланысты клуб басшысымен сөзге келіп қалған.

Марионың қазіргі клубымен келісімшарты 2022 жылға дейін жарамды. Ол жылына бір млн еуро мөлшерінде жалақы алады. Биыл 19 ойынға қатысып, 5 гол соқты. «Брешиа» клубының басшылығы 30 жастағы ойыншыны сатып алғанына өкініп отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер