Ауыр атлетика

Бахыт Ахметов: Әлемдік федерация біздің командаға екі квота бөлді

Бахыт Ахметов: Әлемдік федерация біздің командаға екі квота бөлді
news-banner7
mobile-news-top

Ауыр атлетикадан Қазақстан командасының бас жаттықтырушысы қызметіне Бақыт Ахметов кірісті. Бұған дейін жастар құрамасының тізгінін ұстаған ол ересектер ұжымының алдындағы басты мақсаттарды атады.

- Ауыр атлеттер қазір карантин режимін сақтауда. Індеттің беті бері қараған соң, жаттығу жиындарын бастаймыз. Халықаралық федерация бізге екі квота бөлді. Бірі әйелдер, бірі ерлер командасына беріледі. Келесі жылдың мамыр айында әлемдік рейтинг жабылады да, Қазақстан командасы сапынан алда тұрған екі спортшыға жолдама беріледі. Ал егер ауыр атлеттердің ұпайы тең болған жағдайда, Олимпиадаға кім баратынын ұлттық федерация мен олимпиадалық комитет бірлесіп шешеді.

Биылғы жылдың соңында Өзбекстанда лицензиялық Азия чемпионаты өтеді. Келесі жылы Токио Олимпиадасына дейін де бірқатар жарыстардың өтетініні анық. Әзірге, рейтингте Нижат Рахимов пен Зульфия Чиншанло алда келеді. Одан бөлек, Игорь Сон, Раушан Мешітханова, Денис Улановтар да ұпай жинауда. Бұйырса, жастар мен жасөспірімдер командасындағы талантты спортшылар да көп ұзамай қатарға қосылады, - дейді бас бапкер.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер